Кабул жарылыстары құрбандарының саны артты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i42589-Кабул_жарылыстары_құрбандарының_саны_артты
Кабул орталығында бүгін таңертең орын алған жарылыстар құрбандарының саны 34 адамнан артты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 01, 2019 11:43 Asia/Almaty
  • Кабул жарылыстары құрбандарының саны артты

Кабул орталығында бүгін таңертең орын алған жарылыстар құрбандарының саны 34 адамнан артты.

 

«Синхуа» ақпарат агенттігінің мәліметінше,  бүгін таңертең Кабулдың Қорғаныс министрлігі ғимараты, НАТО-ның басқару штабы, «Шемшад» телеарнасы мен Ауғанстан Армиясын қолдау орталығына жақын жердегі дипломаттар аймағында бірінен соң бірі орын алған жарылыстардың салдарынан кемінде 34 адам қаза болып, шамамен 70 адам жарақатталды. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың көбі әскери емес адамдар мен балалар. Бірінен соң бірі орын алған бес жарылыстан кейін «Шемшад» телеарнасының бағдарламалары тоқтатылды және АҚШ елшілігінің қауіпсіздік ескерту сиренасы  естілді. Бұл жарылыс өткен 24 сағаттағы екінші жарылыс болды. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағардағы кешегі жарылыстардың салдарынан  9 адам қаза болды және бірқатар адам жарақат алды. Талибандар баспасөз хатшыларының бірі Забихолла Маджохед бұл топтың жарылыстарды өз мойнына алатыны және жарылыстардың мақсаты Ауғанстанның қауіпсіздік күштері болғанын қуаттады.