Нетаньяху: Газа секторына қарсы кең ауқымды шабуыл жасауға дайындалудамыз
Шіл 04, 2019 13:42 Asia/Almaty
Сионистік режимнің премьер-министрі сәрсенбі күні бұл режимнің Газа секторына қарсы кең ауқымды шабуылға дайын екені туралы жариялады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бениамин Нетаньяху сионистік режимнің қауіпсіздік кабинетінің отырысынан кейін бұл режимнің армиясының қажет болса, Газа секторына шабуыл жасауға дайын екені туралы уәжденді. Нетаньяху сионистік режим армиясының Газа секторына шабуыл жасауға дайын екені туралы сөздерін бұл режим соңғы қақтығыстарда қарсыласу күштерінің зымырандық шабуылдарына бірнеше күннен артық төзе алмаған жағдайда айтып отыр.