Эфиопиялық мигранттар Хайфада қатыгездік пен нәсілшілдікке қарсы шеруге шықты
Басып алынған жерлерде өмір сүретін эфиопиялық еврейлер (фалашалар) сионистік режимнің нәсілшілдігіне қарсы шерулерін жалғастырып, Палестинаны қолдайтын ұрандар айтты.
ИРНА ақпарат агенттігі мәліметінше, жұма күнгі шерулерінде сионистік басшыларға наразылығын білдіріп, Палестинаның атауын айтып айқайлады және кейбіреулері тәкбір айтты. Өткен жексенбіден бері фалашалар эфиопиялық жігіт Соломон Теканың сионистік режим полициясымен өлтірілуіне наразылық білдіріп, Тель-Авив, Хайфа, Ашдод және Ашкелон қалаларында шеруге шықты. Сионистік әскерилер 60 шерушіні тұтқындады. Фалашалар сионистердің уәделеріне сеніп, басып алынған жарлерге көшіп келген кедей топтар. Бірақ олар кемсітушіліктермен бетпе-бет келіп, бұл жерде үшінші дәрежедегі азаматтар саналады.