Эфиопиялық еврейлер сионистік режимнің нәсілшілдігіне қарсы шеру өткізді
(last modified Tue, 09 Jul 2019 11:16:08 GMT )
Шіл 09, 2019 17:16 Asia/Almaty
  • Эфиопиялық еврейлер сионистік режимнің нәсілшілдігіне қарсы шеру өткізді

Палестинаның басып алынған жерлеріне өмір сүретін эфиопиялық еврейлер (фалашалар) дүйсенбіде шерулерін жалғастырып, Израиль полициясының нәсілшілдігі мен қатыгездігін айыптады.

Хайфа қаласында сионистік режим полициясы оқ атып, эфиопиялық Соломон Теканы өтірген соң мыңдаған фалашалар наразылық білдіріп,    Тель-Авив, Хайфа, Ашдод және Ашкелон қалаларында шеруге шықты. Осы кезге дейін сионистік әскерилер 60 шерушіні тұтқындады.

Сионистік режимнің Walla веб-порталының мәліметінше, эфиопиялық наразылар қолдарына "Сионистік полицияның нәсілшілдігі мен қатыгездігінің келесі құрбандары болғымыз келмейді"  деп жазылған плакаттарды алып, эфиопиялық мигранттардың білім алу, әділет және құрметке ие болу құқыларын қуаттады. Бұл мәлімет бойынша басып алынған жерлердің басқа қалалар да ұқсас наразылықтардың куәсі болды. Полиция Нетанияда 6 адамды және Тель-Авивте 2 адамды қамауға алды.

 

Тегтер