Ливан Хезболласы Израильдің 2 тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатты
Там 25, 2019 15:42 Asia/Almaty
Ливан Хезболласының әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Бейруттың оңтүстігінде сионистік режимнің 2 тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатты.
Al-Alam телеарнасының Ливан Хезболласының бір қайраткеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ливан Хезболласының әуе‑қорғаныс күштері Бейруттың оңтүстігіндегі Захия ауданында Израильдің 2 тыңшылық ұшқышсыз ұшағын нысанаға алды.
Сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақ жіберіп, Ливанның әуе кеңістігін бұзуы бұл режимнің Сирияға шабуылынан бірнеше сағаттан өткеннен кейін орын алды.
Сионистік режим әрдайым Ливанның әуе, теңіз және құрлықтағы шекарасын бұзады.