Иранның әйелдер арасындағы ұлттық баскетбол командасы алғаш рет жүлде алды
Иранның әйелдер арасындағы ұлттық баскетбол командасы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін алғаш рет халықаралық ресми жүлдеге қол жеткізді.
Сирия командасынан жеңіліп, Батыс Азия жарысының іріктеу турына жіберілген Иранның әйелдер арасындағы ұлттық баскетбол командасы кеше Иордания командасын 71:52 ұпаймен жеңіп, Батыс Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Бұл медаль – Халықаралық баскетбол федерациясының исламдық киімді бекіткенінен кейін Иранның әйелдер арасындағы ұлттық баскетбол командасының ресми түрде алып отырған алғашқы жүлдесі.
Баскетболдан Батыс Азия чемпионаты 4 ел – Иран, Иордания, Сирия мен Ливан командаларының қатысуымен Иорданияда өтті. Жарыстың финалында Сирия мен Ливан командалары бақ сынасты.