Хизболла сионистік режимге қатаң жауап қайтарды
Ливанның Хизболласы 1 қыркүйекте Сейед Хасан Насролланың Израильдің шабуылдарына жауап қайтару уәдесін іске асырып, сионистік режимге қатаң жауап қайтарды.
Хизболланың Израильге жасаған шабуылында сионистік режим армиясының басып алынған Палестина жерлерінің солтүстігіндегі қолбасшысы өлді. Сондай-ақ бұл режимнің әскери көлігінің бірі жырылып, оның ішіндегі адамдар өлді немесе жарақат алды. Хизболланың Израильге қарсы шабуылы маңызды жолдауларға ие. Біріншіден, бұл шабуыл мұхарам айының бірінші күнінде орын алды. Шабуыл үшін мұхарам айының бірінші жұлдызын таңдау Ливан Хизболласының діни наным-сенімдері мен имам Хусейн (ғ.с.) Ашурасынан тамырланғанын білдіреді. Екіншіден, бұл шабуыл Сейед Хасан Насролланың сионистік режимнің шабуылдарына қатаң жауап қайтару уәдесінен бір аптадан кейін жасалды. Бір жақтан сионистік режим алаңдау мен қорқынышқа толы бір аптаны өткізді. Басқа жақтан сионистік режимнің шабуылы мен Хизболланың жауабының арасын көпке созылмады. Үшіншіден, Ливан Хизболласының өткен күнгі шабуылы сионистік режим басшылары мен олардың қолдаушыларына ешбір шабуылдың жауапсыз қалмайтынын жеткізді. Төртіншіден, сионистік режим армиясы Хизболланың жауап қайтаруынан хабардар болғанымен, бұл шабуыл аталмыш режимді есеңгіреткен шабуыл болды. Бұл режимнің қолбасшыларының бірі өлді, халқы панажайларға тығылып, алаңдау мен қорқыныш басып алынған Палестина жерлеріне таралды. Бұл жағдай барінен бұрын сионистік режимнің әр соғыстан шығын көретінін көрсетті. Бесіншіден, Бұл шабуыл Хизболла мен қарсыласу топтарының Батыс Азия аймағындағы күш-қуаттың теңгерімін белгілейтінін анықтады. Алтыншыдан, Хизболланың жексенбі күнгі шабуылы Израиль Кнессетінің сайлауына екі апта қалған кезде орын алды. Нетаньяху өзінің сайлауға байланысты клиптерінде басып алынған Падестина жерлері халқына тек оның ғана қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатыны туралы жолдауды жеткізген болатын. Бірақ Хизболланың кешегі шабуылы Нетаньяхудың әрекеттерінің Израиль халқының тынышсыздықтары мен алаңдауларының себебі екенін көрсетті. Негізінде кешегі шабуыл Нетаньяхуға қарсы психологиялық соғысқа себеп болды. Жетіншіден, сионистік режим күштері жарақат алғандарды тасымалдауға кісіркен кезде қарсыласу күштерінің нысанасына алынғандарымен, қарсыласу ағымының сарбаздары сионистерге жарақат алғандарын тасымалдауға рұқсат етті. Бұл әрекет Хизболланың соғыс, қырып-жою және қантөгісті қаламайтынын, кешегі шабуылының сионистік режимнің шабуылдарына реакция болғанын көрсетті. Сегізіншіден, Хизболланың кешегі Израильге қарсы әрекеті Ливан халқы мен Батыс Азия аймағындағы қарсыласу топтардың қолдауына ие болды. Бұл қолдау бір жақтан араб елдеріндегі халықтардың сионистік режиммен қарым-қатынас жасағысы келмейтіндерін және басқа жақтан аймақ деңгейінде қарсыласу топтары арасында бірлікті білдіреді.