Сейед Хасан Насролла: Сауд режимі қалған өмірін өткізуде
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сауд режимінің аймақтағы залым әрекеттері мен сәтсіздіктеріне тоқталып: «Осы кезде бұл режим қартайды және қалған өмірін өткізуде»,- деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Хасан Насролла аятолла Хаменеидің еңбектерін тарататын кеңсемен сұхбатында: «Сауд Арабиясының Палестинаға қарсы ұстанымы, «Ғасыр мәмілесін» қолдауы және Трамптың қорлығын қабылдауы бұрын өзін тәуелсіз әрі азат деп жариялаған саудиялық билікке күмән тудырады»,- деп қосты. Сейед Хасан Насролла ДАИШ тобының Ирак пен Сириядағы қылмыстарын еске салып: «ДАИШ лаңкестері Ирак пен Сириядағы қылмыстарын АҚШ және Сауд Арабиясы бастаған аймақтың кейбір үкіметтерінің қолдауымен іске асырды»,- деп қуаттады.