Сирия армиясының химиялық қару қолданғаны туралы уәждер – үлкен өтірік
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43614-Сирия_армиясының_химиялық_қару_қолданғаны_туралы_уәждер_үлкен_өтірік
Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем жұма күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Сирия армиясының химиялық қару қолданғаны туралы уәждерін теріске шығарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 28, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Сирия армиясының химиялық қару қолданғаны туралы уәждер – үлкен өтірік

Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем жұма күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Сирия армиясының химиялық қару қолданғаны туралы уәждерін теріске шығарды.


IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Валид әл-Муаллем Помпеоның Сирияның солтүстігіндегі Идлиб облысында химиялық қару қолданылғаны туралы сөздерін жалған деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин де жұма күні Помпеоның осындай негізсіз айып тағуына өкініш білдірген болатын.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы бейсенбі күні Нью-Йоркте өткен бір баспасөз конференциясында: "Сирия үкіметі 19 мамырда Идлиб облысында химиялық қару қолданды",-деген уәж айтты.

Дамаск тарапынан химиялық қару қолданылғаны туралы жалған ақпараттар әрдайым АҚШ пен одақтастарының Сирия жеріне шабуыл жасап, осы елдің әскери және экономикалық инфрақұрылымдарын бомбалауы үшін сылтау болып келді.

Идлиб облысы – Сириядағы лаңкестердің ең соңғы базасы.