Сауд Арабиясы Королі Салманның оққағарының өліміне қатысты күдік көбейді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43668-Сауд_Арабиясы_Королі_Салманның_оққағарының_өліміне_қатысты_күдік_көбейді
Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әзиздің оққағары Әбдел Әзиз әл-Фағм өткен сенбі күні өлімге ұшырады. Оның өліміне байланысты күдік көп.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 01, 2019 19:05 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Королі Салманның оққағарының өліміне қатысты күдік көбейді

Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әзиздің оққағары Әбдел Әзиз әл-Фағм өткен сенбі күні өлімге ұшырады. Оның өліміне байланысты күдік көп.


Сауд үкіметінің Әбдел Әзиз әл-Фағмның өліміне қатысты әрекеттері Джамал Хашағджидің өлімі кезіндегі әрекеттеріне ұқсас.  Басында Сауд Арабиясы  полициясы мәлімдемесінде: "Әл-Фағм Джиддада  досының үйінде жанжалда өлді",- деп жариялады. Кейін саудиялық король Салман әл-Фағмның отбасын шақырып, оларға көңіл айтты. Хашағджидің өлімінде де осылай болғанн. Сауд Арабиясы полициясының әл-Фағмның досының үйінде өлгені туралы хабарды Сауд әулетін әшкерелуші Моджтахед теріске шығарды. Моджтахед: "Әбдел Әзиз әл-Фағм Сауд патшасының сарайында өлтірілді",-  деді. Әбдел Әзиз әл-Фағмның өлімі туралы екінші сценарий бойынша, ол Сауд Арабиясының ұлттық гвардиясының мүшелеріне қызғаныш білдіргені үшін өлтірілген. Әбдел Әзиз әл-Фағм  30 жыл бойы Сауд королінің оққағары болды. Міндетін жақсы атқарғаны үшін өткен жылы генерал-майор дәрежесіне жетіп, сарайға кіретіндердің қатарына енді. Бұл мәселе оның Сауд әулетіне араласуын арттырып, басқалардың қызғанышына себеп болды. Үшінші сценарий бойынша, әл-Фағмге қарсы Хашағджи сценарийін қайталау. Әл-Фағмнің өлімі Хашағджиге қарсы сұм қылмыстың жылдығы қарсаңында және Мұхаммад бен Салман Джамал Хашағджидің өліміне жауапты болуын қабылдағаннан бірнеше күннен кейін орын алды.  Сарапшылар мен ақпарат құралдарының пікірі бойынша, Мұхаммад бен Салман саудиялық корольдің оққағарын өлтіруді бұйырды. Негізінде Мұхаммад бен Салман Әбдел Әзиз әл-Фағмге сенбейтін және Сауд Арабиясының билігін сенімсіздік жайлаған болатын.  Бұған қатысты Лондонда тұратын саудиялық оппозиционер Мұхаммад әл-Месаари   осыдан бес ай бұрын саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның қолынан Әбдел Әзиз әл-Фағмның өлу мүмкіндігі туралы ескерту жасаған болатын. Ол Твиттердегі парақшасында: " Әбдел Әзиз әл-Фағм! Ертең Бен Салман өзің мен сенің тобыңның мүшелерін құртады. Сендердің орындарыңа колумбиялық Блек Уотер тобының адамдары келеді",- деп жазған еді. Өлтірген адамды өлтіру де маңызды тақырып. Бұл тақырып Сауд Арабиясы полициясының оққағардың досы арасындағы ұрыс-керісте өлді деген уәждерін өзгертуге себеп болады. Өлтірген адам полиция күштерімен қарсыласып, атыс салдарынан өлген көрінеді.  Алайда бұл сөзге сену қиын. Бұл өлімді жобалағандар Джамал Хашағджидің өлімінен сабақ алып, Әбдел Әзиз әл-Фағмды өлтірген адамның ізін жасырып, қысымдардан алыстағысы келді деген ой туады.