Арабстанда не болып жатыр?
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43672-Арабстанда_не_болып_жатыр
Арабстанда не болып жатыр?
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 02, 2019 07:25 Asia/Almaty
  • Арабстанда не болып жатыр?

Арабстанда не болып жатыр?

Арабстан Йеменде қатты жеңіліске ұшырады.

Йемен армиясы өз еліндегі Арабстан қолдайтын күштерге жасаған жуырдағы шабуылдарының бейнетаспасын жариялады.

Йемендіктер сол шабуылдарда арабстандық үш әскери бригаданың көзі жойылғанын мәлімдеді.

Арабстан патшасының жеке оққағары Джидда қаласында оқ тиіп өлді. Арабстан бұл оқиғаны жеке басына қатысты оқиға деп атады.

Джидда айлағы жүрдек пойызының стансасы қалың өртке оранды.

Йемендіктер Арабстанның маңызды мұнай нысандарына шабуыл жасап, саудиялықтардың мұнай өндірісінің жартысын тоқтатты.

Сауд Арабиясы 2015 жылы Йемен халқының діңкесін құртуды мақсат еткен соғыс ашты.