"Оралу құқығы" шеруінде 1 адам шәһид болып, 40 адам жараланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43716-Оралу_құқығы_шеруінде_1_адам_шәһид_болып_40_адам_жараланды
Сионистік режим әскерилерінің Газа секторында палестиналықтардың "Оралу құқығы" шеруінің 77-ші жұмасына қатысушыларға жасаған шабуылында кемінде 1 адам шәһид болып, 40 адам жараланды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 05, 2019 15:54 Asia/Almaty

Сионистік режим әскерилерінің Газа секторында палестиналықтардың "Оралу құқығы" шеруінің 77-ші жұмасына қатысушыларға жасаған шабуылында кемінде 1 адам шәһид болып, 40 адам жараланды.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Газа секторында "Ұлттық бітім – халқымыздың таңдауы" тақырыбында "Оралу құқығы" шеруінің 77-ші жұмасы өтті.

"Оралу құқығы" бейбіт шеруі Газа секторында 2018 жылдың 30 наурызында "Жер күнінен" басталып, әлі жалғасып келеді.

2018 жылдың 30 наурызынан осы күнге дейінгі шерулерде 330-дан аса палестиналық израильдік әскерилердің оғынан шәһид болып, кемінде 31 мың адам жараланды.