Эр-Рияд Теһранға қарсы жалған уәждерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43719-Эр_Рияд_Теһранға_қарсы_жалған_уәждерін_қайталады
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің орынбасары Халед бен Салман жалған айтып, Иранға қарсы әдеттегі айыптарын қайталап, Эр-Риядтың Йеменнің жоғары саяси кеңесі ұсынған жобаны қолдайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 05, 2019 17:10 Asia/Almaty
  • Эр-Рияд Теһранға қарсы жалған уәждерін қайталады

Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің орынбасары Халед бен Салман жалған айтып, Иранға қарсы әдеттегі айыптарын қайталап, Эр-Риядтың Йеменнің жоғары саяси кеңесі ұсынған жобаны қолдайтынын мәлімдеді.

 

Йеменнің жоғары саяси кеңесі 20 қыркүйекте атысты тоқтату бітімін жариялап, саудиялық басқыншы коалицияны соғысты тоқтатуға шақырып, Сауд Арабиясына осы бітімді пайдалануға кеңес берді.

ИИР да Сауд Арабиясы үкіметін осы ұсынысты қабылдауға ынталандырып, атысты тоқтату бітімін орнатуға және Йемен халқына қарсы зұлым соғысты тоқтатуға бағытталған кез келген шараны қолдайтынын, мұны аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін маңызды қадам деп санайтынын мәлімдеді. Йеменге қарсы соғыс жүргізіп, бес жыл бойы осы елдің қорғансыз халқын бомбалап келген Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің орынбасары Иранның Йеменде атысты тоқтату бітімін орнату қажеттігі мен бұл оның дағдарыстан шығуына көмектесетінін айтуын Йемен мен оның халқын «арзан отарлау» деп атады.

Халед бен Салман өзінің жалған сөзінің жалғасында: "Иран Йеменді өз мүддесі үшін теріс мақсатта пайдалануды көздеп отыр",-деді.  

Сауд Арабиясы өз ішінде саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларда   көптеген қиындықтарға ұшырап отырған жағдайда Теһранға қарсы жалған уәждерін қайталап, өз кінәсін өзгеге жабу саясатын жалғастырып жатыр.

Парижде шығатын "Ле Фигаро" газеті бір сараптамада: "Йемендегі жеңіліс Сауд әулетінің ең ірі жеңілісі саналады",-деп жазды.

Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ пен тағы басқа бірнеше елдің қолдауымен  2015 жылдың наурыз айында Йеменге әскери басқыншылық жасап, оны құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Сол кезде Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі болған Мұхаммад бен Салман бұл елді осы соғысқа кіргізіп, оны "Кесімді дауыл" деп атады.

Біраз өткен соң бұл оқиғаға басқа бір ресми атау беріліп, "Үміттің қайтып оралуы" деп аталды.  Бұл амалдардан 3 млн босқын, 11 млн аш адам қалды. Алайда бұл амалдар қай кезде шешуші сипатта болды? Онда қандай үміт бар еді?

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы 16 мыңнан астам йемендіктің қаза тауып, ондаған мың адамның жараланып, миллиондаған адамның босып кетуіне себеп болды.

Шындық Йеменге соғыс ашып, жазықсыз халықты өлтірудің халықаралық және Йемен халқының құқықтарын бұзған заңсыз әрекет саналатынында. Ол аймақты дағдарысқа соқтырды. Саудиялық басшылар өздерінің бұл әрекеттерін еш ақтай алмайды.

Сауд Арабиясының Иранға қарсы жалған уәждерін эр-Риядтың әрдайымғы саясаты санау керек. Бұл саясаттың айқын белгісі – ойластырылмағандық және абайсыздық. Оның салдары дағдарыс.   

Сауд Арабиясының Иранға қарсы жалған уәждеріндегі бәрінен бұрын көңіл аудартатын нәрсе бұл елдің өзі тудырған қиындықтарға шырмалып отырғанымен екіжүзді сөздермен осы шындықты жасыруды мақсат тұтады.