Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының ақпарат саласындағы талпыныстары мадақталды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43750-Иран_Телерадио_бірлестігі_әлемдік_қызмет_торабының_ақпарат_саласындағы_талпыныстары_мадақталды
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімі мемлекеттік және әскери басшылардың қатысуымен жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 07, 2019 17:42 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының ақпарат саласындағы талпыныстары мадақталды

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімі мемлекеттік және әскери басшылардың қатысуымен жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында өтті.

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы  Пейман Джебели рәсімде осы тораптың шәһид қызметкерлерін еске алып: "Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының миссиясы Ислам революциясының болмыстық философиясымен біте қайнасқан. Осы торапта жұмыс істеудің құндылығы Ислам революциясының  жаһандық миссиясындай ауқымды",- деді. Тәуелсіз ақпарат құралдарының хабар таратып, шындықты жеткізу және халықаралық оқиғаларды сараптаудағы рөлі өте маңызды. АҚШ өткен жылдары санкцияны құрал ретінде пайдаланып, Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабын дағдарысқа тіреді. Бірақ бұл ақпарат құралының әсеріне кедергі бола алмады. Батыстың ақпарат құралдары оқырмандарына оқиғаларды шындыққа сай көрсетпеу үшін жылдар бойы ондаған миллион доллар жұмсап келеді. Сондықтан ұлттық және әлемдік деңгейде оқырманға аймақ пен әлемдегі өзгерістердің шындығын көрсететін ақпарат құралдарына ашуы алабөтен. "Iran Press", "Әл-Әлам", "СаҺар", "Әл-Каусар", "Press TV" және басқа тәуелсіз ақпарат құралдары АҚШ үкіметі мен оның одақтастары таратқысы келмейтін шындықтарды таратып, ақпарат пен бейнематериалдарды ең жақсы түрде ұсынады. Бұл үдеріс ұжымдық сенімділік пен аймақ өзгерістері туралы хабардар  болу деңгейін арттырды. Дұшпандар қоғамдық ой-пікірді алдап, әлемнің маңызды оқиғалары туралы хабар мен бейнематериалдарды өз мақсаттарына пайдалануға талпынуда. Иранның жерсерігі арқылы тарататын бағдарламаларын тоқтату мен Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызметі арналарының жұмыстарына нұқсан келтіруі әлемдік қоғамдық арналарда шындық пен әртүрлі көзқарастарды таратуға тыйым салынғанының белгісі. АҚШ-тың көзқарасы бойынша онымен бірге болмаған және сионистік режим мен Сауд Арабиясын сынайтын әрі олардың қылмыстарын әшкерелейтін ақпарат құралы насихатшы саналады. Бірақ шындықты жанжал тудырып, оқырманнан жасыру мүмкін емес.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Салами   жексенбі күні Теһранда Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімінде:  "Дұшпандар адам құқығы, азаттық, соғыс, сионистердің қылмыстары заңды қорғаныс саналып, Йемен мен Палестина балаларының қазасы соғысқұмарлық болып сипатталатындай көрсетуге талпынып жатыр. Ақпарат құралдары мазлұм халықтардың даусының жаңғырығы бола алады. Бұл ақпарат соғысы. Иранның әлемдік қызметі торабының ақпарат құралдары шындықты таратып, дұшпанның ақпарат құралдарын сенім артуға келмейтіндей көрсете алады",-деді.