Йеменнің оңтүстігінде безгек ауруы етек жайды
Қаз 08, 2019 15:32 Asia/Almaty
Жүздеген йемендік Аденде безгек ауруына шалдығып, ауруханаларға түсті.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Аден ауруханалары безгек және масалар мен тұрып қалған су және лас кәріз жүйелері салдарынан пайда болатын басқа жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға толды. Ауруханалардың басшылары үш аптадан бері жұқпалы аурулардың әртүрлі қалаларда жайылғанын, науқастардың саны адам көп шоғырланған жерлерде өте жоғары екенін мәлімдеді.