Сейед Хасан Насролла: АҚШ-қа сенуге болмайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43773-Сейед_Хасан_Насролла_АҚШ_қа_сенуге_болмайды
Ливан Хизболласының Бас хатшысы сейсенбі күні кешке АҚШ-тың Сирия күрдтерінен теріс айналғанына тоқталып: «Америкалықтар одақтастарына адал емес әрі келісімдерді құрметтемейді»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 09, 2019 13:54 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: АҚШ-қа сенуге болмайды

Ливан Хизболласының Бас хатшысы сейсенбі күні кешке АҚШ-тың Сирия күрдтерінен теріс айналғанына тоқталып: «Америкалықтар одақтастарына адал емес әрі келісімдерді құрметтемейді»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла америкалықтардың бір сәтте күрдтерді жалғыз қалдырғанын айтып: «АҚШ-қа сүйенген әр адамды осындай тағдыр күтіп тұр. АҚШ-қа үміттенген кез келген адам қорлыққа ұшырайды»,- деп баса айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған дүйсенбі күні телефонмен сөйлескеннен кейін Ақ үй: «Түркияның Сирияның солтүстігіндегі күрдтер бақылайтын аймақтарда әскери әрекеттерді бастау шешіміне байланысты бұл аймақтағы америкалық күштер шығарылады»,- деп мәлімдеме жасады. Сирия күрдтері Вашингтонның одақтастары саналады.