Түркия Армиясы Сирияның солтүстігіне құрлықтан кірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43788-Түркия_Армиясы_Сирияның_солтүстігіне_құрлықтан_кірді
Түркия Қорғаныс министрлігі ел әскерінің Сирияның солтүстігіне құрлықтан ене бастағанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 10, 2019 10:59 Asia/Almaty
  •  Түркия Армиясы Сирияның солтүстігіне құрлықтан кірді

Түркия Қорғаныс министрлігі ел әскерінің Сирияның солтүстігіне құрлықтан ене бастағанын хабарлады.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы елдің әскерилері Сирия жерінде әскери амалдарға кіріскен.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған кеше түнде ел әскерилерінің Сирияның солтүстігінде күрдтермен күресу деген себеппен әскери амалдарды бастағанын хабарлады.

Түркия вице-президенті Фуат Октай да «Бейбітшілік бұлағы» деп атаған амалдарын ресми бастаған соң Түркияның амалдарға кірісуінің мақсатын Сирияға бейбітшілікті қайтару деп ақтады.