Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылында 15 адам қаза тапты
Қаз 10, 2019 14:40 Asia/Almaty
Сирияда адам құқығын бақылау тобы Түркия кеше сәрсенбі күні түнде Сирияның солтүстік-шығысына шабуылдарын бастағаннан бері осы уақытқа дейін он бес адам қаза тауып, қырық бір адам жараланғанын хабарлады.
IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Сирияда адам құқығын бақылау тобы бүгін бейсенбі күні таңертең осы хабарды жариялап, Түркияның бомбалауы салдарынан қарапайым сегіз адамның, соның ішінде төрт әйел мен баланың және Сирияның демократиялық күрд күштерінен жеті адамның қаза тапқанын хабарлады.
Сирияда адам құқығын бақылау тобының мәлімдемесіне сәйкес Түркия армиясының әуе және артиллерия шабуылдарында он үш бейбіт тұрғын мен күрд күштерінен жиырма сегіз адам жараланған.
Тегтер