Түркия Сирия жерінің 30 км дейін баруды мақсат етіп отыр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43805-Түркия_Сирия_жерінің_30_км_дейін_баруды_мақсат_етіп_отыр
Түркия Сыртқы істер министрі өз елі күштерінің Сирияның жеріне 30 км дейін енуді мақсат еткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 11, 2019 14:41 Asia/Almaty
  • Түркия Сирия жерінің 30 км дейін баруды мақсат етіп отыр

Түркия Сыртқы істер министрі өз елі күштерінің Сирияның жеріне 30 км дейін енуді мақсат еткенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мевлют Чавушоглу бейсенбі күні Түркия күштерінің Сирияның жерінде 30 км дейін алға жүретінін мәлімдеп: «Бейбітшілік бұлағы» амалдарының алғашқы кезеңінің  мақсаты ұзындығы 120 км, тереңдігі 30 км жерді тазарту»,- деді.  

«Әл-Джазире» арнасы: «Түркия Қорғаныс министрлігі әрекеттің басынан «Күрд халық қорғаушылары» күштерінен 174 адамның өлгені туралы хабарлады»,- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Сирия тарапынан шекарадағы Ақчеқалаға қарай атылған миномет оқтарынан 6 түрік азаматы өліп, 16 адам жарақат алды.

Лондонда орналасқан «Сириядағы адам құқығы инспекторлары» тобы да бейсенбі күні Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әрекеті басталғаннан бері бұл аймақта тұратын 60000-нан астам адамның босқынға айналғанын мәлімдеді.