Сирия армиясы Түркия шекарасына жақын Телл-Тамер қаласына енді
Бүгін дүйсенбі күні таңда Сирия офицерлері мен шекара күштерінің тобы Хасаке базасынан осы облыстың солтүстік аймақтарына қарай бет алып, Рас әл-Айн шекарасындағы Телл-Тамер қаласына жетті.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, қалашықтың тұрғындары сириялық күштерді қарсы алуға асығып, олардың келуіне қошамет білдірген. Бұдан бұрын Қамышлы қаласындағы күрдтер штабына жақын дерек көздерінің бірі күрд қолбасшылары мен Сирия үкіметінің аймақты толық бақылауға алу жөнінде келісімге келгені туралы хабарлаған болатын. Күрд дерек көздері жексенбі күні Түркияның Сирияның солтүстігінде бейбіт адамдар мен шетелдік журналистер тобына әуеден шабуыл жасағанын хабарлап, салдарынан кемінде 9 адамның көз жұмғанын мәлім етті.