Түркия Сирия күрдтерімен келіссөз жүргізу туралы ұсынысты қабылдамады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i43850-Түркия_Сирия_күрдтерімен_келіссөз_жүргізу_туралы_ұсынысты_қабылдамады
Түркия Сирияның миллиондаған күрд азаматына соғыс ашқанымен Анкара үкіметі сириялық күрдтермен келіссөз жүргізу мүмкін емес деп санайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 14, 2019 17:04 Asia/Almaty
  • Түркия Сирия күрдтерімен келіссөз жүргізу туралы ұсынысты қабылдамады

Түркия Сирияның миллиондаған күрд азаматына соғыс ашқанымен Анкара үкіметі сириялық күрдтермен келіссөз жүргізу мүмкін емес деп санайды.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу АҚШ-тың бұл елдің Сирия жеріндегі операциясын тоқтату жөніндегі арағайындық ұсынысына: "Қаруларын тапсырған жағдайда ғана Түркия лаңкестермен келіссөз жүргізеді",- деп жауап берді.

Түркия армиясы Сирияның солтүстігіндегі әрекетін бастаған соң АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл әрекеттерді тоқтату үшін күрдтер мен Анкара үкіметі арасында арағайындық жасауға үміттенген болатын. АҚШ Президенті Түркия армиясының әрекеттерін тоқтатуға байланысты өз үмітін америкалық күштер мен Сирияда өмір сүретін күрд жасақтарының өте жақын қарым-қатынасына қарамастан, Ақ үй басшылары қайшылыққа толы әрі күмәнді ұстаным білдіріп: "Америкалық күштер Түркияның Сирия күрдтеріне қарсы әрекеттерін қолдамайды, оған қатыспайды және араласпайды",- деп жариялаған жағдайда білдіріп отыр.

Ердоған үкіметінің Ирак шекарасында Түркия Күрдістан жұмысшылар партиясы күштерімен соғысына байланысты бүгінде түрік әскерилері Ирак күрдтеріне қарсы да әрекетке барады деген болжамдар айтылуда. Түрік саясаткерлері мен оппозициялық партиялардың төрағалары және көптеген мамандары сан рет Анкара үкіметінен өткен 8 жылдағы Түркияның сыртқы саясатындағы қателіктерді өзгертіп, Сирияның солтүстігіндегі соғыс пен шайқастарды тоқтату үшін Сирия Президенті Башар Асадтың заңды үкіметі және сол елдің күрдтерімен келіссөз жүргізуді сұрады. Осы салада Түркияның танымал зерттеушісі Мурод Назли кеше 13 қазанда Иран Телерадио бірлестігі шетелдік қызмет торабының түрік тіліндегі радиосына берген сұхбатында: "Анкара үкіметі жылдар бойы Сирия үкіметі және халқына қарсы қате саясат жүргізіп келеді. Анкара Сирия жеріндегі әскери әрекеттерді іске асыру үшін көп қаржы жұмсаудың орнына Дамаск үкіметімен байланысын жөндеуі керек. Өйткені байланыстың жақсары екі мұсылман ел халықтарының мүддесіне болады",- деді.

Түркияның қазіргі экономикалық жағдайын ескере отырып, Анкара үкіметінің Сирия, Ирак, Батыс Азиядағы, Солтүстік Африка, тіпті Еуропаның бір бөлігіндегі әскери операцияларға шығын шығаруы екіталай. Түркия армиясы өз операцияларын іске асыруға қаржыны үшінші елден алып отыр деген болжамға немқұрайдылық танытуға болмайды. Қалай болғанда да Түркия үкіметіне кірмейтін саясаткерлердің талаптары қисынды көрінеді. Бірақ өткен жылдардағы тәжірибе Ердоған үкіметінің оппозициямен келіссөз жүргізуге қауқарсыз екенін көрсетті.