Хосейннің қырқы – "Арбағин" зияратшыларының жаяу жүру рәсімі
Қаз 17, 2019 09:26 Asia/Almaty
Хазірет Әбу Абдолла әл-Хосейннің қырқы "Арбағин" рәсімінің жақындауымен зияратшылардың қалың қарасы мүміндердің әміршісі хазірет Әлидің кесенесін зиярат етіп, Наджаф қаласынан шығып, Кербалаға жеткізетін жолға түседі. Жыл сайын Наджаф-Кербала жолында қоғамның әртүрлі тап өкілдері үлкенді-кішілі күркелер тігіп, "Арбағин" зияратшыларын аялдатып, оларға ас-су ұсынып, қызмет етеді.








