Джаһангири: «Арбағин» – ислам әлемі бірлігінің көрінісі
Иранның Вице-президенті Наджаф облысы әкімімен кездесуінде имам Хусейннің (ғ.с.) әртүрлі діндердегі жақтастары мен әртүрлі елдердегі миллиондаған ғашықтарының қысқа уақытта бірге жиналуын ислам әлемінің бірлігі мен достығының көрінісі деп атады.
Fars News агенттігінің мәліметінше, «Арбағин» шеруіне қатысу үшін Наджафқа барған Исхақ Джаһангири Наджафтың танымал ғұламалары мен ирактық басшыларға 3 миллионнан астам ирандық зияратшыны қабылдағаны үшін алғыс айтып: «Иран үкіметі «Арбағин» шеруін жақсырақ өткізуге кедергі тудыратын кез келген қиындықты шешуге бар күшін салады»,- деді.
Наджаф облысының әкімі Луи әл-Ясери де кездесуде: «Арбағин екі ел мен екі халықтың қарым-қатынасын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан өзара қарым-қатынастарды арттыру үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет»,- деді.