Ливандық наразылар сионистік режимнің туын өртеді
Қаз 22, 2019 10:44 Asia/Almaty
Ливандықтардың мемлекеттік салық жөніндегі жаңа бағдарламалары мен тұрмыс мәселелеріне байланысты наразылықтары кеше дүйсенбі күні бесінші рет Бейрут пен осы елдің тағы басқа қалаларында өтті. Кейбір наразылар Бейруттің Рияд әл-Солх алаңында сионистік режимнің туын өртеді. Ливанның оңтүстігіндегі Сур қаласында да жастар сионистік режимнің туын өртеп, Израиль секілді дұшпанға қарсы күрестің алғы шебінде болуға шақырып, ұран айтты.