Халықтық қозғалыстар партиялар мен елшіліктердің ықпалына түспеуі керек
(last modified Sat, 26 Oct 2019 12:24:54 GMT )
Қаз 26, 2019 18:24 Asia/Almaty
  • Халықтық қозғалыстар партиялар мен елшіліктердің ықпалына түспеуі керек

Хезболланың бас хатшысы: "Ливан бүгінде өте қысылтаяң кезеңде тұр. Халықтық қозғалыстар партиялар мен елшіліктердің ықпалына түспеуі керек",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла жұма күні сөйлеген сөзінде Ливанның жағдайына тоқталып: "Халықтық қозғалыстар Ливан халқының өз-өзіне сенімдерін дәлелдегенін және бұл ел үкіметінің қабылданған шешімдерді белгіленген мерзім бойынша орындауға белді бекем буып отырғанын көрсетті.

Үкіметтің реформалық құжаты халықтық наразылықтардың қысымымен қабылданды. Бұл құжат – үкіметтің реформа жасауға бағытталған алғашқы қадамы. Кедейлер, жұмыссыздар мен наразылардың талап-тілектері жинастырылып, осы тілектерді орындауға бағытталған келесі қозғалыстардың мақсаттарына айналуы керек",-деп қуаттады.  

 

 

Тегтер