"Оралу құқығы" шеруінің 70-ші жұмасында 77 адам жараланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i44015-Оралу_құқығы_шеруінің_70_ші_жұмасында_77_адам_жараланды
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында болған "Оралу құқығы" шеруінің 70-ші жұмасында 77 адамның жараланғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 26, 2019 17:09 Asia/Almaty

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында болған "Оралу құқығы" шеруінің 70-ші жұмасында 77 адамның жараланғанын хабарлады.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, "Оралу құқығы" шеруі жұма күні "Біздің тұтқындар, біздің әл-Ақса мешіті, біз келеміз!" деген ұранмен өтті.  

Сионистік режимнің әскерилері палестиналық наразыларды басып-жаншу барысында палестиналықтарға қарсы оқ атумен қоса, көзден жас ағызатын улы газ қолданды.

2018 жылдың 30 наурызынан бастап осы күнге дейін 330-дан аса палестиналық шерулерде Израиль әскерилерінің оғынан шәһид болып, кемінде 31 мың адам жараланды.