Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газаны тағы бомбалады
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары сенбі күні таңертең Газа секторын зымырандық шабуылдардың нысанасына алды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, палестиналық дереккөздері сионистік режим қырғи ұшақтарының Палестина қарсыласу күштерінің Газа секторының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігіндегі позицияларын бомбалағанын хабарлады.
Осы шабуылдар салдарынан Газада бірнеше жарылыстың дыбысы естілді.
Әлі күнге дейін бұл шабуылдардың ықтималды адами және материалдық шығыны жайлы ақпарат жарияланған жоқ.
Кейбір ақпарат көздері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан‑Юнесте осы шабуыл салдарынан 3 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.
Сионистік режим армиясының қырғи ұшақтары мен артиллериясы бейсенбі күні кешке Газа секторын нысанаға алды.