Белгісіз адамдар Кербаладағы Иранның Консулдығына шабуыл жасады
Қар 04, 2019 13:34 Asia/Almaty
«Әл-Әлам» арнасы жексенбі күні кешке Ирактың Кербала қаласындағы ИИР-ның Консулдығына шабуыл жасалғанын хабарлады.
«Әл-Әлем» арнасы: «Елдің экономикалық нашар жағдайына наразылық білдірген топ Кербаладағы ИИР Консулдығына шабуыл жасады»,- деп хабарлады. Ирактық дереккөздері Кербаладағы ИИР Консулдығының айналасында шабуылшыларға қарсы ирактық қауіпсіздік күштерінің 4 батальонының орналасқанын мәлімдеді. Кейбір ирактық басшылар ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күрес кезінде нығайған Иран мен Ирактың достық және стратегиялық қарым-қатынасын бұзуды көздейтін жасырын әрекеттер туралы ескерткен болатын.