Ердоған АҚШ әскерилерінің Сириядағы күрдтерге көмектесіп жатқанын хабарлады
Қар 07, 2019 15:40 Asia/Almaty
Түркия Президенті АҚШ әскерилерінің Сириядағы Анкараға қарсы күрд топтарға көмектесіп жатқанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Венгрияға аттанар алдында Анкара әуежайында тілшілерге берген сұхбатта Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдары туралы: "АҚШ осы аймақтағы күрд топтарға шамамен 33 мың жүк көлігімен әскери құрал-жабдық жіберді",-деді.
Түркия Президенті, сондай-ақ, өзінің 13 қарашада Вашингтонға баратынын хабарлады.