Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халилге баса-көктеп кірді
Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халил қаласында палестиналықтардың үйлеріне тас лақтырып, бірқатар адамды жаралады.
Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, сионистік қалашық тұрғындарының Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігіндегі әл-Халил қаласына жасаған шабуылында ондаған палестиналық жараланды.Сионистер бір жарым жастағы бір сәбиді басынан жаралады.
Мыңдаған сионистік қалашық тұрғыны сенбі күні сионистік режим әскерилерінің қолдауымен әл-Халил қаласындағы Ибраһими мешітіне басып кіріп, палестиналық намазхандардың алдынан мешіттің есігін жауып, азан шақыруға кедергі жасады.
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласы діни және тарихи тұрғыдан палестиналықтар үшін аса маңызды.