Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халилге баса-көктеп кірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i44401-Сионистік_қалашық_тұрғындары_әл_Халилге_баса_көктеп_кірді
Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халил қаласында палестиналықтардың үйлеріне тас лақтырып, бірқатар адамды жаралады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 24, 2019 15:32 Asia/Almaty
  • Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халилге баса-көктеп кірді

Сионистік қалашық тұрғындары әл-Халил қаласында палестиналықтардың үйлеріне тас лақтырып, бірқатар адамды жаралады.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, сионистік қалашық тұрғындарының Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігіндегі әл-Халил қаласына жасаған шабуылында ондаған палестиналық жараланды.Сионистер бір жарым жастағы бір сәбиді басынан жаралады.

Мыңдаған сионистік қалашық тұрғыны сенбі күні сионистік режим әскерилерінің қолдауымен әл-Халил қаласындағы Ибраһими мешітіне басып кіріп, палестиналық намазхандардың алдынан мешіттің есігін жауып, азан шақыруға кедергі жасады.

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласы діни және тарихи тұрғыдан палестиналықтар үшін аса маңызды.