Әл-Джубейр Иранға қарсы жалған уәж айтып, айып тағуын жалғастыруда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i44404-Әл_Джубейр_Иранға_қарсы_жалған_уәж_айтып_айып_тағуын_жалғастыруда
АҚШ пен Сауд режимі Aramco-ға шабуыл мәселесінде Иранды әлі айыптап отыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 24, 2019 18:14 Asia/Almaty
  • Әл-Джубейр Иранға қарсы жалған уәж айтып, айып тағуын жалғастыруда

АҚШ пен Сауд режимі Aramco-ға шабуыл мәселесінде Иранды әлі айыптап отыр.


 

Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі Адел әл-Джубейр айыптауының жалғасында: "Иран Aramco нысандарына шабуыл жасады",-деді.  

Ол сенбі күні "Манама диалогы" отырысында Aramco-ны нысанаға алған ұшқышсыз ұшақтардың Иранда жасалғанын қайталап: "Сауд Арабиясы Иранмен диалог өткізуге қарсы емес, бірақ Иранға жауап осындай шабуылдар қайталанбайтындай болуы керек. Гитлермен әріптестік саясаты жауап бермегендей, Иранды риза ету саясаты да жауап бермейді",-деді.  

Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі АҚШ әскери күштерінің Парсы шығанағы маңындағы араб елдерінде орналасуына тоқталып: "Америкалықтардың Парсы шығанағындағы құзыры азаймай, керісінше көбейеді",-деді.

АҚШ-тың қолдауымен жасаған қылмыстарын жасыру үшін осы уақытқа дейін көп уәж айтқан әл-Джубейр бұл жолы да Гитлермен масқара теңеу келтіріп, Йемендегі қылмыстарын ақтауға тырысты.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы осы уақытқа дейін 14 мыңнан астам йемендіктің қаза тауып, ондаған мың адамның жараланып, миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болды.

Йемен армиясы 14 қыркүйекте осы қылмысқа қарымта әрекетте  Сауд Арабиясының шығысындағы мұнай нысандарын 10 ұшқышсыз ұшақпен нысанаға алғанын мәлімдеді.  

Бұл шабуылда Сауд Арабиясының шығыс өңіріндегі Aramco мұнай компаниясына қарасты "Бақиқ" және "Харис" мұнай өңдеу зауыттары нысанаға алынды. Саудиялық басшылардың айтуынша, осы шабуылдар салдарынан   өңдеу зауыттарында мұнай өндіру шамамен 5 млн баррельге азайды.

"Экспресс" ақпарат сайты Aramco-ның бастапқы акцияларын ұсынуы басталғанын хабарлап: "Йемен армиясының Aramco мұнай нысандарына шабуылы Сауд Арабиясының бұл компаниясы құнының 500 фунт стерлингке азаюына себеп болды.

Мұхаммад бен Салман құны 1,1 трлн фунт стерлинг тұратын ең ірі патшалық мүлікті сатуды көздеп отыр. Бұл сан қазір оның құнының 2019 жылдың бірінші жартысындағы болжаммен салыстырғанда қатты түскенін көрсетеді. Бұдан бұрын Aramco-ның құны 1,5 трлн фунт стерлингтен жоғары болжанған болатын",-деді.  

Әл-Джубейр АҚШ-тан қару-жарақ сатып алып, әскери қуатын күшейту арқылы Йемен армиясы мен қарсыласу күштерін бірнеше күнде жеңеміз деп ойлады. Бірақ шынайы алаңда олардың қымбат дамыған қорғаныс құралдарының йемендік зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың тіпті ізін алуға жарамайтыны дәлелденді. Бұл масқара жағдайдың орнын толтыру үшін Сауд Арабиясы басқаларға кінә тағады.

Йемен армиясы мен қарсыласу күштерінен соққы көру АҚШ пен Сауд режимі үшін ойсырай жеңілу екенін мойындау оңай емес.

Қазір Сауд Арабиясы Йемен батпағынан шығу жолын іздестіруде, бірақ бұл батпақтан шығудың жалғыз жолы – соғысты тоқтату.