Нетаньяху Иранды тағы айыптады
Сионистік режимнің Премьер-министрі жексенбі күні Иранды Ирак пен Йеменді осы режимге қарсы зымырандық шабуылдар жасайтын орынға айналдыруға талпынып жатыр деп айыптап: "Израиль ИИР-мен күресті жалғастырады",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху Палестинаның солтүстігінде: "Иран Ирак пен Йемен арқылы басып алынған жерлерге зымырандық шабуылдар жасауды жоспарлап отыр",-деген уәж айтты.
Нетаньяху сондай-ақ Иранды Сирияда әскерилерін орналастырып, қару-жарақ тасымалдап жатыр деп айыптап: "Сионистік режим Иранның аймақтағы ықпалы мен құзырының артуының алдын алуға талпынуда",-деді.
Нетаньяху бұдан бұрын ИИР-ды Сирияға қару-жарақ тасымалдап, өндіреді деп айыптаған болатын.
Нетаньяхудың бұл уәждері Дамаск пен Мәскеу басшыларының Иранның Сириядағы құзырының әскери консультация мақсатында және осы ел үкіметінің өтінішімен жүзеге асырылғанын сан рет мәлімдеген жағдайда айтылып отыр.