Нетаньяху саяси тұрғыдан және соттың қыспағына түсті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i44532-Нетаньяху_саяси_тұрғыдан_және_соттың_қыспағына_түсті
Израиль премьер-министрі өткен он жылда саяси және соттың қатаң қыспағына түсті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 04, 2019 17:04 Asia/Almaty
  • Нетаньяху саяси тұрғыдан және соттың қыспағына түсті

Израиль премьер-министрі өткен он жылда саяси және соттың қатаң қыспағына түсті.

Бұл күндері басып алынған Палестина жерлерінен Бениямин Нетаньяху туралы көптеген хабар таралуда. Нетаньяху 1996-1999 және 2009 жылдардан бері, яғни 13 жылдан артық уақыт бойы Израильдің премьер-министрі болып келеді. Бірақ бұл күндері саясат оның мүддесіне сай ілгерілемей тұр. Нетаньяху мерзімінен тыс сайлау өткізіп, біржақты кабинет құрып, басып алынған жерлердегі өз билігін күшейте аламыны деп ойлады. Бірақ ол «шебер саяси лоббист» ретінде де танымал болғанымен, 2019 жылдың наурыз,  сәуір, қазан айларында Кнессеттің 61 депутатының қолдауына ие бола алмады. Нетаньяху мұрсаттардан айырылып, бүгін 2018 жылдың қараша айындағы Газа секторына қарсы соғыстың қате әрекет болғанын басқа уақыттан көбірек түсінген болар. Өйткені сол соғыс пен атыс тоқтатуды қабылдау кабинеттің құлдырауы мен Нетаньяхудың мерзімінен тыс төтенше сайлау өткізуді бұйыруына соқтырды. Израильдің бұрынғы Соғыс министрі әрі "Израиль біздің үй" партиясының басшысы Авигдор Либерманның қолдамауы Нетаньяхудың коалициялық үкімет құру талпынысын сәтсіздікке ұшыратты. Сондай-ақ, біріншіден, оның Израильдегі саяси өмірі  тоқтап, екіншіден, сыбайластық жемқорлықпен айыпталып, абақтыға қамалуы керек. Нетаньяхудың екі уайымының да орындалу ықтималы жоғары. Бір жағынан, оның премьер-министр лауазымында қалып, жаңа министрлер кабинетін құрудағы әрекеттері соңғы күндері сәтсіз аяқталды. Екінші жағынан, Ликуд партиясы басып алынған территориялардағы жетекші рөлін жалғастыру үшін Нетаньяхудың отставка кетуін сұрап отыр. Сот тұрғысынан да сионистік режимнің прокуроры бұдан бұрын   Нетаньяхуды сыбайлас жемқорлық бойынша ресми түрде айыптады. Кеше Беньямин Нетаньяхуға қарсы 300-ден астам шағымның түскені жарияланды. Нетаньяху премьер-министрлік мерзімі аяқталғаннан кейін түрмеге қамалуы мүмкін. Мұндай жағдай Нетаньяхудың жаулап алынған жерлерде қатты қыспаққа түскенін көрсетеді. Сондықтан сионистік режимнің премьер-министр соңғы күндері саяси салада жалбарынып, өз бақталастарынан тек алты айға премьер-министр болып қалуына келісуді өтінді.