Сионистік режимнің зымырандық сынағы туралы бес жайт
Сионистік режим армиясының ақпарат өкілі жұма күні, 6 желтоқсанда ел армиясының Асдуд әуе базасында зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді.
Батыс Азия аймағында тек сионистік режимде ғана ядролық қару бар. Израиль 80-400-ге дейін ядролық оқтұмсыққа ие. Кеше бұл режим сынақтан өткізген зымыран ядролық оқтұмсық тасымалдау қабілетіне ие.
Жұма күні сионистік режимнің өткізген зымырандық сынағында бірнеше маңызды жайт бар:
Біріншіден, бұл режим Батыс Азия аймағын одан ары әскериленуге итермелеп отыр. Батыс Азиядағы кейбір алпауыттардың, соның ішінде ИИР ядролық қарудан ада аймақ саясатын ұстанып отырған жағдайда сионистік режим зымарандық сынақ өткізу арқылы іс жүзінде өзінің ядролық және зымырандық күш-қабілетін арттырып жатыр.
Екіншіден, сионистік режим әлі күнге дейін халықаралық келісімдер мен хаттамалардағы міндеттемелерінің ешқайсысын орындаған жоқ. Бұл режим өзінің заңсыз ядролық нысандарын тексеруге рұқсат бермейтіні былай тұрсын, ядролық қарулардың таралуына тыйым салу туралы NPT хаттамасына да қол қоймады.
Үшіншіден, сионистік режимнің зымырандық сынақтары бұл режимнің зымырандық тобын жаңарту бағдарламасы аясында жасалып жатыр. Осы орайда сионистік режимнің армиясы өткен шілде айында Аляскада америкалық мамандармен бірге антибаллистикалық қорғаныс кешенін сынақтан өткізді. Жұма күні "Фалахон Давуд" қорғаныс кешенінің зымыран тасушы құрылғысы сыналды. "Фалахон Давуд" кешені екі жыл бұрын сионистік режим армиясының қорғаныс кешендеріне қосылған еді. Олардың тиімділігіне қатысты ешқандай күмән жоқ.
Төртіншіден, сионистік режим армиясының жұма күнгі зымырандық сынағы бұл режимнің саяси тұрғыдан Министрлер кабинетін құруда тығырыққа тірелген жағдайда өткізілді. Өзінің саяси өмірінің соңына жақындаған Беньямин Нетаньяху зымырандық сынақ өткізу арқылы саяси тығырықтың әскери-қауіпсіздік істеріне ешқандай сызат түсірмегенін көрсетіп, сондай-ақ, билікте қалу үшін өзіне тағы бір мүмкіндік беруді көздеді.
Бесіншіден, батыстың алпауыт елдері сионистік режимнің зымырандық сынағына еш реакция білдірмей, қайта оны қолдады.
Осы негізде ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында сионистік режимнің ядролық сынағына реакциясында Батыс алпауыттардың көңіл аудармауын сынап: "АҚШ пен үш еуропалық ел әрдайым Батыс Азияда ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау үшін жобаланған зымырандардан тұратын жалғыз ядролық арсеналға қатысты үнсіздік танытып отыр. Ал Иранның қорғаныс қаруларына жеткенде жүрек талмасына ұшырай жаздайды",-деп жазды.
Бұл немқұрайлық Батыс алпауыттарының зымырандық сынақтар мен ядролық бағдарламаларға таңдамалы негізде заңсыз қатынас көрсететін тағы дәлелдеді.