Иранның АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылы
Қаң 10, 2020 15:21 Asia/Almaty
Ислам революциясының Сақшылар корпусы сәрсенбі күні таңертең АҚШ үкіметінің сардар Ғасем Солейманиді қазаға ұшыратқан лаңкестік әрекетке жауап ретінде ондаған зымыранмен Ирактың әл-Анбар және Эрбил облыстарындағы америкалық әскери базаларды нысанаға алды. Ислам революциясы Сақшылар корпусындағы хабардар басшылардың бірі: «Зымырандық шабуылдың нәтижесінде кемінде 80 америкалық әскери өліп, 200-ден астамы жарақат алды»,- деп мәлімдеді.





