Мусави Макронға: Иранның оңтүстігінде орналасқан шығанақта бір-ақ атау бар
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i45155-Мусави_Макронға_Иранның_оңтүстігінде_орналасқан_шығанақта_бір_ақ_атау_бар
ИИР СІМ ақпарат хатшысы жексенбі күні таңертең Француз Президенті Эммануэль Макрон Парсы шығанағы үшін жалған атау қолданғанына реакция білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 19, 2020 15:29 Asia/Almaty
  • Мусави Макронға: Иранның оңтүстігінде орналасқан шығанақта бір-ақ атау бар

ИИР СІМ ақпарат хатшысы жексенбі күні таңертең Француз Президенті Эммануэль Макрон Парсы шығанағы үшін жалған атау қолданғанына реакция білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави Twitter-дегі жеке парақшасында Макронға: "Иранның оңтүстігінде орналасқан шығанақта бір-ақ атау бар және ол Парсы шығанағы. Сіздің елдің әскери күштерінің Парсы шығанағында болуы – оның атауын қате айтқаныңыздай, қателік. Бұл екеуі де үлкен қателік, бірақ оларды өтеуге болады",-деп жазды.

Мусави бұл жазбаны парсы, француз және ағылшын тілдерінде жариялады.

Макрон жуырда Twitter-дегі жазбасында "Парсы шығанағы" жайлы айту үшін жалған атау қолданды.

Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдері соңғы жылдарда Батыстың арандатуымен шығанақтың атауын өзгертуді көздеп отыр. Ал негізі шығанақ бағзы замандардан бері "Парсы шығанағы" деп аталады.