Иран Түркия үкіметі мен халқына жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i45237-Иран_Түркия_үкіметі_мен_халқына_жер_сілкінісіне_байланысты_көңіл_айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Түркияда болған жер сілкінісіне өкініш білдіріп, ел үкіметі, халқы және қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2020 11:22 Asia/Almaty
  • Иран Түркия үкіметі мен халқына жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Түркияда болған жер сілкінісіне өкініш білдіріп, ел үкіметі, халқы және қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави сенбі күні бірқатар түрік азаматынының жер сілкінісі салдарынан қаза тапқанына байланысты Түркия үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Түркияның шығысында Рихтер бағамы бойынша магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 20 адамның өлгені және 1015 адамның жарақат алғаны туралы хабарланды.