Қаң 26, 2020 19:25 Asia/Almaty
  • Рухани Түркия Президентіне көңіл айтты

ИИР Президенті Түркия халқының бірқатар азаматының жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғанына байланысты көңіл айтты.

Хасан Рухани сенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға жазған хатында жер сілкінісінен бірқатар адамның қаза тауып, жараланғанына байланысты көңіл айтып, ИИР үкіметінің зардап шеккен аймақ халқына жан-жақты көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани де Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Сентопқа осы ел азаматтарының жер сілкінісінен қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.

Жұма күні кешке Түркияның шығыс аймағында болған жер сілкінісінен 29 адам қаза тауып, 1466 адам жараланды.     

 

  

Тегтер