Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылда 5 адам жараланды
(last modified Mon, 27 Jan 2020 14:58:55 GMT )
Қаң 27, 2020 20:58 Asia/Almaty
  • Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылда 5 адам жараланды

Жексенбі күні кешке Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылда 5 қызметкер жараланды. Олардың бірінің жағдайы өте ауыр деп хабарланды.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылдан кейін елшіліктің қызметкерлері тікұшақтарпен эвакуацияланды.

АҚШ-тың бір әскери қызметкері "Катюша" зымыранының осы елдің Бағдадтағы елшілігіне түскенін растағанымен қаза болғандар мен жаралылардың саны жайлы хабарлаудан бас тартты.

Жексенбі күні түстен кейін 5 "Катюша" зымыраны  Бағдадтың орталығындағы жасыл қауіпсіздік ауданына атылды. Солардың бірі АҚШ елшілігіне түсті.   

АҚШ елшілігі өткен бірнеше айда сан рет зымырандардың нысанасына алынды.

Тегтер