Иранның Джидда отырысына қатыспауы – Сауд үкіметінің бүлдіргі әрекетінің салдары
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Сауд үкіметінің бүлдіргі әрекетін ирандық делегацияның Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатыспауының себебі деп атады.
Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Сауд үкіметінің ирандық делегацияның Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатысуына кедергі жасағанына тоқталып: "Жексенбі күні кешке ғана саудиялықтар ирандық делегацияға виза беретіндерін хабарлады. Сондықтан бүгін таңертең Джиддаға өткен отырысқа ирандық делегацияның қатысуына мүмкіндік болмады",-деді.
Мусави кеше Сауд үкіметінің ирандық делегацияның осы отырысқа қатысуына кедергі жасағанына реакциясында: "Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының Джидда отырысына шақыру хаты болғанымен Сауд Арабиясы үкіметі осы халықаралық ұйымды қабылдап отырған елдің міндеттемелерін ашық түрде бұзып, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Хұсейн Джабери Ансари бастаған ирандық делегацияға виза беруден бас тартты",-деді.