Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы: Біз Ислам революциясы жетекшісінің сарбазымыз
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i45495-Шәһид_Абумаһди_әл_Моһандестің_отбасы_Біз_Ислам_революциясы_жетекшісінің_сарбазымыз
Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандестің отбасы сейсенбі күні қарсыласу ағымы қолбасшыларының шәһид болған күнінің қырықына байланысты жолдауында қарсыласу жолына қатысу дайындығын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 12, 2020 11:45 Asia/Almaty
  • Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы: Біз Ислам революциясы жетекшісінің сарбазымыз

Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандестің отбасы сейсенбі күні қарсыласу ағымы қолбасшыларының шәһид болған күнінің қырықына байланысты жолдауында қарсыласу жолына қатысу дайындығын қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, шәһид әл-Моһандестің әйелі мен төрт қызы өздерін Ислам революциясы жетекшісінің сарбазы атап, қарсыласу ағымына қызмет етуге дайын екенін жариялады. Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы шәһид Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес үшін кек алу АҚШ-тың аймақтан толық шығарылуы екенін қуаттады.  Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы қарсыласу ағымы қолбасшыларының шәһид болуы бұл ағымның аймақтық және ішкі белсенділігіне ешбір сызат түсірмегенін қуаттап: «АҚШ, сионистік режим мен қарсыласу ағымының басқа дұшпандары жойлады»,- деді.