Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы: Біз Ислам революциясы жетекшісінің сарбазымыз
Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандестің отбасы сейсенбі күні қарсыласу ағымы қолбасшыларының шәһид болған күнінің қырықына байланысты жолдауында қарсыласу жолына қатысу дайындығын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, шәһид әл-Моһандестің әйелі мен төрт қызы өздерін Ислам революциясы жетекшісінің сарбазы атап, қарсыласу ағымына қызмет етуге дайын екенін жариялады. Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы шәһид Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес үшін кек алу АҚШ-тың аймақтан толық шығарылуы екенін қуаттады. Шәһид Абумаһди әл-Моһандестің отбасы қарсыласу ағымы қолбасшыларының шәһид болуы бұл ағымның аймақтық және ішкі белсенділігіне ешбір сызат түсірмегенін қуаттап: «АҚШ, сионистік режим мен қарсыласу ағымының басқа дұшпандары жойлады»,- деді.