Сионистік әскерилер әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға шабуыл жасады
(last modified Fri, 14 Feb 2020 13:40:35 GMT )
Ақп 14, 2020 19:40 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилер әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға шабуыл жасады

Сионистік режимнің әскерилері жұма күні әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, палестиналық намазхандарды соққыға жықты.

Сионистік режимнің полициясы, сондай-ақ, палестиналық намазхандардың көбіне әл-Ақса мешітіне кіруге рұқсат бермеді. Сондықтан адамдар мешіттің айналасындағы көшелерде таңғы намаздарын оқыды.

Бұл шабуылдарда намазхандардың біразы сионистік режим әскерилері тарапынан жараланып, бірқатары қамауға алынды.

Палестина исламдық джиһад қозғалысы бейсенбі күні мәлімдеме таратып, палестиналықтардан қасиетті жерлерді қорғап, америкалықтардың "Ғасыр мәмілесі" жобасына наразылық білдіру үшін жұма күні таңертең әл-Ақса мешітіне жұма намазына жиналуға шақырды.

"Ұлы Фәджр" қозғалысының жалғасында орын алған бұл шақыру палестиналықтардың құндылықтарын қорғау, қалашық салуды дамытуға наразылық білдіру, сионистердің әл-Ақса мешітіне заңсыз кіруіне қарсылық білдіру және "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсылық білдіру нышаны ретінде атқарылды.

Тегтер