Ливанның оңтүстігінде сардар Солейманиге ескерткіш қойылды
Ақп 16, 2020 14:21 Asia/Almaty
Сенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі "Марун ар-Рас" қалашығының ирандық бағында өткен арнайы рәсімде Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы қажы Қасым Солейманиге ескерткіш қойылды. Сардар Солейманидің мүсінінің үстіне үлкен ту ілінді. Оның бетіне "Жуырда Құдста намаз оқимыз" деп жазылған.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл рәсімде Хизбулланың атқарушы кеңесінің басшысы Һашем Сафиеддин АҚШ Президенті Дональд Трампқа: "Сардар Солеймани шәһид болғаннан кейін қарсыласу қозғалысы әлсіреген жоқ, керісінше сардар мен оның серіктерінің қанының арқасында бұл қозғалыстың сионистік режиммен қарсыласуға дайындығы мен күш-қуаты арта түсті",-деді.