Сионистер палестиналықтарға қарсы бульдозер қолданды
Ақп 22, 2020 11:12 Asia/Almaty
Independent журналдың тілшісі Белл Дрю өзінің Twitter-дегі парақшасында сионистік әскерилердің палестиналықтарға жасалған қатыгез шабуылдың видеосын жариялады.
Ол: «Бұл ақылсыздық! Бүгін Израиль қауіпсіздік күштері бронды бульдозермен Йордан өзенінің батыс жағалаудағы Наблустың батысында палестиналық наразылық білдірушілерге қарай жартастың үлкен бөліктерін итеріп тастады. Жергілікті кқздер бұл әрекеттің салдарынан 40 адамның зардап шеккендерін хабарлады. Қуанышқа орай ешбір адам өлмеді»,- деп жазды.