Иран Бахрейн үкіметінің өз азаматтарына қатысты жауапсыздығын сынады
Нау 05, 2020 19:17 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы коронавирустың алдын алу және сақтандыру шараларын жасау аясында Бахрейн үкіметінің өз азаматтарына қатысты жауапсыздығын сынады.
Сейіт Аббас Мусави сәрсенбі күні коронавирустың алдын алу және сақтандыру шараларын жасау аясында шетелдік азаматтардың өз елдеріне қайтуы үшін ұйымдастырылған шараларға тоқталып: «Өкінішке орай, Бахрейн үкіметі Теһранның әріптестікке дайын болғанына қарамастан, өз азаматтарын қайтарып алуға ешбір шара атқармады»,-деді.
Мусави: «Қазір Иранға туристік және зиярат ету мақсатында келген 1300-ге жуық бахрейндік азамат өз елі үкіметінің оларға көңіл бөлмеуі салдарынан Иранда ұзағырақ қалуға мәжбүр»,-деді.