Хание: АҚШ-ың санкциялары – зұлымдық
Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы сенбі күні ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исмаил Хание АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптап: «Бұл санкциялар зорлық-зомбылық және олардың күші жойылуы керек»,- деп қуаттады. Хание сондай-ақ Палестина халқының Иранның коронавирусқа қарсыласуына тілектестігін жариялады. Зариф Газа секторының қоршауын тоқтатып, коронавирус қоқан-лоққы көрсетіп отырған жағдайда, сионистік режимнің түрмесіндегі палестиналықтарды босатуды талап етті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі сенбі күні Ирандағы коронавирустың таралуына байланысты бұл елге қарсы АҚШ-тың быржақты санкцияларын тоқтатуды талап етті.