Масуд Барзани: Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші адам
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i46289-Масуд_Барзани_Сардар_Солеймани_күрдтерге_ДАИШ_пен_күресуге_көмектескен_бірінші_адам
Ирак Күрдістан Демократиялық партиясының (КДП) жетекшісі жұма күні Сауд Арабиясының «MBC» желісіне берген сұхбатта: «Иран және Ислам революциясы Сақшылар корпусы «Кудс» күштерінің қолбасшысы Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші ел мен бірінші адам болды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 11, 2020 14:54 Asia/Almaty
  • Масуд Барзани: Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші адам

Ирак Күрдістан Демократиялық партиясының (КДП) жетекшісі жұма күні Сауд Арабиясының «MBC» желісіне берген сұхбатта: «Иран және Ислам революциясы Сақшылар корпусы «Кудс» күштерінің қолбасшысы Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші ел мен бірінші адам болды»,- деді.

 

Fars news агенттігінің мәліметінше, Масуд Барзани: «ДАИШ Иракқа басып кіріп, Күрдістан аймағына жақындаған  алғашқы күндері шәһид Солеймани маған қоңырау шалып, көмектесуге дайын екенін мәлімдеген бірінші адам болды. Қоңыраудың келесі күні Иран Ислам Республикасы Ирактың Күрдістан аймағына екі ұшақ қару жіберді»,- деп айтты.

Сардар Солеймани мен оның бірқатар жолдастары 2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак астанасындағы Бағдад әуежайы маңындағы америкалық террористік күштердің    әуе шабуылында шәһид болды.