Сирияның әуе-қорғаныс жүйесі сионистік режим зымырандарының шабуылына қарсы тұрды
Сәу 21, 2020 13:50 Asia/Almaty
Сирияның ресми ақпарат агенттігі Sana сейсенбі күні таңертең елдің әуе қорғаныс жүйесінің сионистік режимнің зымырандық шабуылына қарсы тұрғанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Sana агенттігі Сирия армиясы әуе-қорғаныс күштерінің Сирияның Хомс облысының көгінде бірнеше зымыранды анықтап, жарып жібергенін хабарлады. Басқа ақпарат құралдары сионистік режимнің әуе шабуылының мақсаты Т-4 деп танымал Tias әскери базасын нысанаға алу болды деп хабарлады. Сионистік режим лаңкестерді демеу үшін Сирия армиясының инфрақұрылымдарын үнемі нысанаға алады.